ОҚО-дағы форум барысында өңірдің туристік мүмкіндіктері таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-дағы форум барысында өңірдің туристік мүмкіндіктері таныстырылды

16.11.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында туристік, инвестициялық форум басталды. Екі күнге созылатын басқосуға Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан және Украина елінің туризм саласына жауапты лауазымды тұлғалары,  туроператорлар, инвестициялық компаниялар қатысуда. Форум барысында жәрмеңке және фотокөрме ұйымдастырылып, қонақтарға өңірдің туристік әлеуеті, бұл саланы дамыту бойынша қолға алынып жатқан жобалар жайы таныстырылды. Бүгінде оңтүстікте 84 тарихи-мәдени орын туристік бағытқа енгізіліп отыр. Олардың ішінде «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар қорымдары секілді тарихи орындар бар. Бұл жерлерде саяхатшыларға  барынша қолайлы жағдай жасалған. Осындай кешенді жұмыстар нәтижесінде биыл өңірге 128 мың турист қыдырып келген. Бұл былтырғы жылдағыдан 55 пайызға көп. 

Жанар Мақажанова, Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Жалпы, форум шеңберінде 6 меморандумға қол қойылады. Ол туристерді тарту және өңірдің инвестициялық мүмкіндігін насихаттау бағытында.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу