Шымкент қаласында егеуқұйрықтарға қарсы күрес шарасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында егеуқұйрықтарға қарсы күрес шарасы басталды

25.10.2017

Алдағы бір айдың ішінде шаһардың 5 миллион 500 мың шаршы метр аумағына кеміргіштерге қарсы улы дәрі шашылады. Оған қазынадан 43 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Дезинфекция қызметінің мамандары негізінен тұрғын үйлердің ауласындағы 450-ге жуық қоқыс тастау орны мен шаһар аумағындағы өзендердің маңын тұтастай дәрілеп шықпақ. Бұл іске 20-дан астам адам жұмылдырылған. Ал, тұрғын үйлер мен оның жертөлесі түгелдей жекенің меншігінде. Сондықтан, ол жерлерді дәрілеуге қазынадан қаржы қаралмаған. Жалпы, миллионға жуық халқы бар Шымкент қаласында кеміргіштерге қарсы дезинфекциялау жұмысы былтыр ғана басталды. Оған дейінгі 5 жыл бойы мұндай жұмыс мүлдем жүргізілмеген. 

Алмас Сұлтанбеков, «Шымкент дезинфекция» ЖШС директорының орынбасары:

- Баяғыға қарағанда 5-6 бұрынғымен салыстырғанда қазір жалпы аздау түсіп жатыр. Негізі мұның алдында да істелген болатын іс-шаралар. Соның пайдасы болып жатыр. Кеміргіштер туралы елден түсетін шағым азайды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ 

Хабарламаларға жазылу