Қостанай облысында ауыл жастарының форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауыл жастарының форумы өтті

19.10.2017

«Жастар. Ауыл. Жаңғыру». Осындай атаумен Қостанай облысының Сарыкөл ауданында ауыл жастарының форумы өтті. Басқосуға жиналғандар өздерін толғандырған өзекті мәселелерді талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Қоғамдық өмірде, еңбекте іскерлігімен, белсенділігімен  танылғандары арнайы марапатқа ие болды. 

Сондай-ақ, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткерлер ортаға шақырылып құрмет көрсетілді. Қазір елімізде жастардың тегін кәсіби білім алуына жағдай жасалған. Мысалы, Сарыкөл ауданындағы агробизнес колледжі шәкірттерді ауыл шаруашылығына қажетті жеті мамандық бойынша оқытады. Бұл мамандықтардың бәрі жергілікті еңбек нарығындағы сұранысқа сай таңдалған. Оқу орны мамандарды дайындау барысында ірі кәсіпорындармен келісімшартқа отырады. Соның арқасында биыл колледж түлектерінің 70 пайызы жұмысқа орналастырылды. 

Әміржан Кенжалинов, колледж студенті: 

 - Біздің елімізде мал шаруашылығына көптеген көңіл бөлінеді. Сосын өзім бітіргенде осы Сарыкөл колледжін жұмыссыз қалмаймын деген сол себеппен, сол мақсатпен келдім. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу