Басты Жаңалықтар Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет

Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет

Конституцияда неке мен отбасы, ана мен әке және балалардың мемлекет қорғауында болатыны нақты бекітілген. Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу үшін Абай облысының прокуратурасы, облыс әкімдігі және Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

Берік Уәли, Облыс әкімі:

Конституцияның 30-бабында неке мен отбасы, ана мен әке, бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Бұған дейін некенің мұндай құқықтық анықтамасы Неке және отбасы туралы кодексте көзделген болатын. Оның Конституция деңгейінде бекітілуі отбасы институтының құқықтық мәртебесін нығайтып, оны қорғаудың іргелі негізін қалыптастырады.

Абай облысында отбасыларға қолдау жүйелі түрде көрсетіліп келеді. Қазір Семей, Курчатов қалаларында, Абай және Бородулиха аудандарында отбасын қолдайтын 4 орталық жұмыс істейді. Бүгінге дейін оларға 2 654 адам жүгінген. Алдағы уақытта орталықтар желісін кеңейтіп, қалған аудандарда да ашу жоспарда бар. Меморандум аясында тараптар қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуде бірлескен шараларды жүзеге асырмақ.

Снежанна Имашева, ҚР Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл:

Конституцияның ішінде отбасы туралы жазылған. Кейбір семьяларда түрлі-түрлі күйзеліс болады. Зорлық-зомбылық болуы мүмкін, мүмкіндігі шектеулі бала болуы мүмкін. Осы отбасылық орталықтардың мақсаты қиын жағдайдан шығару. Бұл институттың құрылғанына екі жыл болды. Заң аясында құрылды. Енді бұның әрі қарай дамуын және нәтижелерін сараптау керекпіз.

Бөлісу