Басты Жаңалықтар 101 мектептің құрылысы жүріп жатыр

101 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Соңғы 7 жылда 1300-ден аса мектеп пайдалануға  берілді. Нәтижесінде  үш ауысымды оқу орындары - 5 есе, апатты мектептер саны 2 есе, ал тапшылық мәселесі 4 есе қысқарды. Қазір елімізде 59 мың 300 оқушыға арналған 101 мектеп салынып жатыр. Оның 85-ін жыл соңына дейін, қалған 16-сын 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің дерегінше, елімізде апатты білім орындарының  саны кезең-кезеңмен шешіледі.

Айқожа Әбсадықов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:

Қазіргі таңда елімізде 36 үшауысымды және 27 апатты мектеп бар. Нақты жоспарға тоқталсам, биылғы жылы 4 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілуі күтілуде. 2027 жылы 2 үшауысымды мектеп пен 10 апатты мектептің шешімі табылады. 2028 жылы 15 үшауысымды мектеп пен 9 апатты мектеп, сонымен бірге 2029-2030 жылдары 15 үшауысымды және 4 апатты мектеп шешімін табады.

Бөлісу