Басты Жаңалықтар Түркістанда энергетикалық нысандардың құрылысы қарқын алды

Түркістанда энергетикалық нысандардың құрылысы қарқын алды

Сайрам ауданында 1000 мегаваттық бу-газ станциясының құрылысы қарқын алды. Оңтүстік өңірде электр энергиясына сұранысты өтеу үшін ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев нысандардың жай-күйімен танысты. Қазір бізбен өңірдегі тілшіміз байланысқа шықты. Ернұр, ауқымды жобалар қашан іске қосылады, өңірге пайдасы қандай?

Ернұр Уәлихан, тілші:

Қазір Түркістан облысы мен Шымкент қаласының электр энергиясын тұтыну көлемі 800 мегаватқа жуықтайды. Ал өңірде өндірілетін электр қуаты 300 мегаваттан аспайды. Яғни, күнгейде энергия тапшылығы айқын сезіледі. Сайрам ауданында салынып жатқан қуаты 1000 мегаваттық бу-газ станциясы іске қосылғанда бұл тапшылықты азайтып, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Сұхбатты тыңдайық.

Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

Уәдеде тұрасыздар ғой? Орындалады ғой? Тағы да ары қарай кешіктірілмейді ма? Онсыз да мерзімінен кешіктіңіздер. Ары қарай кешіктіруге жол берілмейді. Жұмыс жасау керек. Сіздерге үкімет басшысы да қатаң тапсырды.

Ернұр Уәлихан, тілші:

Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы 52-ші жылы пайдалануға берілген. Өткен жылы мұнда қазандықтар қайта жаңғыртылып, ұзақ уақыт тоқтап тұрған турбина қайта іске қосылды.

Саяхат Ыбышев, жылу энергия орталығының директоры:

Мемлекет басшысының қолдауымен біз 6 қазандықты толық реконструкциядан өткіздік. Қазір қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Станцияда 4 қазандық жанып тұр. 50 гигаколория жылу қалаға беріліп тұр. Одан бөлек 2 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. 9,5 Мгв электр энергиясын өндіріп жатырмыз. 4 қазандық резервта тұр. Мащинист бір орында отырып, барлық қазандықты автоматты түрде басқарады.

Ернұр Уәлихан, тілші:

Жұмыс сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Түлкібас ауданындағы «Састөбе» инновациялық кешенінің және Түркістан қаласындағы медициналық нысандардың құрылысын көрді. Түркістандағы 26 тұрғын үйді аралап, әлеуметтік инфрақұрылым жобаларының жай-күйімен танысып, жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Бөлісу