Министрдің сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ шекараларында санитарлық-фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау жүйелерінің күшейтілуіне қатысты қажеттіліктер болып тұрады. Бұл барлық одақ елдерінің мүддесі. Сол себепті шекара бойына неғұрлым ертерек заманауи бақылау жүйесін орнатсақ соғұрлым барлық елдерге жақсы болады деген пікір айтты. Сыртқы істер министрі Қырғызстандағы президент сайлауының қорытындысына қатысты да ойын айтты.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Қазақстан қырғыз халқының таңдауына құрметпен қарайды. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан президенті Қырғызстанның жаңа президентіне жылы шырайлы құттықтау хатын жолдады. Біз Қырғызстанның жаңа сайланған президентінің біздің президентімізге және көрші ел басшыларына ерекше құрметпен қарайтыны туралы мәлімдемесін зор ықыласпен қабыл алдық.
Бұл жаңа президенттің көрші елдермен қарым-қатынас орнатуға жауапкершілікпен қарайтынын білдіреді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ