Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
Бірыңғай уақыт белдеуі Қазақстан аумағын табиғи күн ырғағына жақындатты. Бұл - еліміздің ғалымдарымен жылдар бойы зерттеліп, қабылданған шешім.
Күрделі саланы зерделеген мамандар бұған дейін еліміз табиғи күн цикілінен 1,5 - 2 сағатқа озып тұрғанын ғылыми дәлелдеген. Ал ол адамның биологиялық сағатының қалыпты жұмыс істеуіне, ұйқы мен сергектік тәртібінің үйлесуіне кері ықпал етіп келген. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып, ғалымдардың ұсынысымен 2024 жылы республика бір сағаттық белдеуге көшті. Уақыт белдеуіне қатысты 40-тан астам көрсеткіш сараланып, оң өзгерістер байқалып отыр.
Болат Нұрқожаев, хронобиолог:
Қыстыгүні күннің қысқа болатыны, жаздыгүні күннің ұзақ болатыны ол табиғи Жаратқанның құбылысы. Оған ешкім әсер ете алмайды. Балалар 8-де бұрын сабақта отыратын болатын болса, тасқараңғыда ұйқыдан тұру қажет болатын болса, қазір жарық кезде барып жатыр. Ал адам баласына жалпы физиологиялық жаратылысымызда таңғы жарық маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы