Басты Жаңалықтар Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды

Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде Ресей-Украина-АҚШ келіссөзінің екінші раунды аяқталды. Жабық форматта өткен үшжақты кездесу 2 сағатқа толар-толмас уақытқа жалғасты.  Ал кездесудің бірінші күні 4,5 сағатқа созылған еді. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер бейбіт келісімге келуге мүмкіндік бар деп мәлімдеді. Ал Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский бір тұста өзара түсіністікке қол жеткізсек, өзгелерінде ортақ пікірге келе алмадық деді. Ал Украина делегациясының мүшесі Давид Арахамия жыл соңына дейін бейбіт келісімге келуге мүмкіндік беретін жақсы динамика қалыптасқанын атап өтті. Бұған қоса тараптар жақын арада тұтқын алмасуға келіскен.

Бөлісу