Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
Әлеуметтік нысандар құрылысы үшін 6,5 трлн теңге қаржы бөлінеді. Бұл Президенттің халыққа арнаған Жолдауындағы ең сүбелі жоспардың бірі ғана. Жалпы елімізде құрылыс жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес. Жеті жылда сан салада құрылыс жұмысы қарқын алды. Осы аралықта 1 259 денсаулық сақтау нысаны салынды. Әсіресе ауылдық медицинаны дамытуға басымдық берілді.
Бұл ретте 200-ден астам ауылда алғаш рет амбулаториялар ашылды. Нәтижесінде 1 млн адам медициналық көмекті ауылдан ұзамай-ақ алып жүр. Елімізде спорт инфрақұрылымын салу да қарқынды дамып келеді. Соңғы жеті жылда 536 жаңа нысан ашылды. Қамтылу деңгейі 44-тен 59,6 пайызға дейін өсті. Бүгінде республикада 26 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Басым бөлігі мемлекеттік меншікте. Мәдениет саласының инфрақұрылымы да жаңарды. Бүгінде республика бойынша 3 мыңнан астам мәдени мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ал 2019–2026 жылдар аралығында елімізде 312 жаңа мәдениет нысаны салынды. Бір ғана Жамбыл облысының өзінде ауылдық деңгейдегі 45 ғимарат бой көтерді.
Рахат Асылбеков, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:
Биылғы жылдың өзінде 9 мәдениет құрылысын салуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның 5 мәдени нысаны ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қаржылық жоспарға сәйкес 4 нысан 2027-2028 жылдарға өтпелі. 2026-2030 жылдарға арналған 34 жаңа нысанның қажеттілігі, 28 мәдени нысанның күрделі жөндеу қажеттілігі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы