Басты Жаңалықтар 7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды

7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды

Соңғы жеті жылда елімізде әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге бағытталды. Қомақты қаржы білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, халықты әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық саланы дамытуға жұмсалды. Бөлінген қаражат – азаматтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға негізделген болатын.

Бөлісу