Қазақстанның барлық шекара периметрі бойынша жоспарлы операция әлі де жалғасып жатыр. Көрші елдегі Президент сайлауы аяқталды. Сондықтан, бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасы арқылы өтетін адамдардың саны көп болған. Ал, бүгіннен бастап азайды. Екі елдің шекарасында жүрген тілшіміз Алмат Әбдіраман тікелей эфирге шықты.
Қырғызстанда Президент сайлауы өткен соң, ары-бері жүрген жолаушылар көбейген еді. Ал, қазір қарбалас саябырсыды. «Қордай» бақылау-өткізу пунктінен басқа «Сортөбе», «Ауқатты», «Қарасу» бекеттерінде де жағдай қалыпты. Осы аталған үш өткізу пунктінде көліктер күнделікті қалыппен өтіп жатыр. Десек те, жоспарлы операция жалғасып жатқандықтан, көптеген заң бұзушылықтар тіркелуде.
Жоспарлы шекара операциясы туралы материал жасау кезінде бірнеше заң бұзған азаматтарды ұстау сәтіне куә болдық. Кеше кешкі 9-дан түнгі 1-ге дейін анықтаушылармен бірге жүрдік. Қасақана біздің ел аумағын бұзғандар мен әкімшілік құқық бұзған азаматтарды түсіргенбіз. Бұл туралы қазір бірер сәттен соң арнайы сюжет шығады.
Алмат ӘБДІРАМАН