Сапасы күдікті тауарлар кері қайтарылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапасы күдікті тауарлар кері қайтарылуда

16.10.2017

Жамбыл облысындағы 6 шекара бекетінде ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі күні-түні жұмыс істеп тұр. Мамандар соңғы бір аптада Қырғызстаннан келген 800 тоннадан асатын өнімді тексеріп, 15 заңбұзушылық әрекетін анықтады. Жалпы, Қырғызстаннан Қазақстанға жүк тасымалдап, өнімдерін нарыққа ұсынуға тек 25 кәсіпорынның рұқсаты бар. Соған қарамастан, көлеңкелі жолмен тауар өткізуге ниеттілер көп. Алайда, күнделікті тексеру барысында заңсыз тауар айналымына тосқауыл қойылып жатыр. Әсіресе, қазір жеміс-жидектер мен көкөністердің фитосанитарлық талаптарға сай келуі жіті бақылауда. Сапасы күдік тудырған және тиісті құжаттары жоқ тауарлар шекарада кері қайтарылып жатыр.

Сәбит Жүсіпов, Аумақтық инспекцияның өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекцияның бөлім басшысы:

- Жыл басынан бері Қырғыз елінен кірген тауарлардан карантинге жататын 55 заңбұзушылық факті анықталды. Оның ішінде үшеуінен карантиндік нысан анықталды. Картоп, алма, құрма жемістерінен карантиндік нысан табылды.

 

А. САДУАҚАС

Хабарламаларға жазылу