Атырауда Жастар конгресінің күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жастар конгресінің күндері өтті

16.10.2017

Осыған орай, Қазақстан жастары Конгресі кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева өңірге арнайы барды. Келелі жиынға қатыспас бұрын, алдымен «Батыс» өңірлік әскери  қолбасшылығы бөлімінің жұмысымен танысты. Оқу-жаттығулар кезінде қолданылатын әскери  құрал-жабдықтарды көріп, сарбаздардың жауынгерлік даярлығын пысықтады. Батыс стратегиялық аймағында қауіпсіздікті сақтау міндеті жүктелген құрылымда 4 облыстың әскери бөлімшелері шоғырланған. Кейін Республикалық жастар слеті аясында жастармен кездесті. Түйткілді мәселелер талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Жастар конгресі құрылғаннан бері 12 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Мәселен, биылдың өзінде 200 талантты жастың инновациялық тың жобаларына қолдау көрсетілген. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, Қазақстан жастары Конгресі кеңесінің төрайымы:

- Конгресс құрылғалы 15 жыл болды. Кризис те болды қозғалыста. Бір жыл бұрын қайтадан бағдарлама жасап Конгресс қайтадан жұмысына кірісті. Әрине, жастарға үлкен үмітпен қараймыз. Әрбір отбасының, ауылдың болашағы сол жастардың қолында.

Хабарламаларға жазылу