Жеті жасар Жанасылға көмек керек
Целиноград ауданы Бірлік ауылында тұратын жеті жасар балаға көмек керек. «Шыны бала» атанып кеткен Жанасыл Болаттың аяғына қаз тұрып кетуі үшін көптің қолдауы жетпей тұр. Сүйектері борпылдап, сына беретін оған дәрігерлер остегионездің төртінші түрі деген диагноз қойған. Кальцийдің жетіспеуінен болған бұл дертті емдеуге отандық дәрігерлердің шамасы келер емес.
Жеті жасар Жанасыл анасына ауыртпалық салғысы келмейді. Өзі жүріп, өзі тұруға қанша тырысқанымен сүйегіне салынған темір қозғалуға мүмкіндік берер емес. Алайда, ата-анасының шетелге апарып ондай ем жасауға шамасы жоқ.
Меруерт Мұханова, Жанасылдың анасы:
- Дәрігерлердің айтуынша, қолы пластмасса сияқты майыса береді. Ол болмайды, - дейді. Кальций құйдыру керек.
Үш жыл бұрын «Ана мен бала» орталығында Жанасылға үш мәрте операция жасалған. Сүйектері иілгіш болған соң кальций құю керек деген шешімге келген.
Мектеп жасына жеткен оны мұғалімдер үйге келіп оқытады. Айтуларынша, баланың білімге деген құштарлығы ерекше. Мектепке баруға шамасы келмеген соң сыныптастарын терезеден телміріп бақылаудан басқа амалы жоқ.
Әсел Кенжеғазы, мұғалім:
- Қабілеті өте жақсы математика сабағынан бірінші тоқсанды аяқтап қалдық. Жақсы бәрі сауат ашудан да әріптерді таниды екен. Тек қана қиналатын нәрсе жүре алмайтыны. Армандайды мектепке барсам ғой деп.
Жанасылға жанашырлық танытып, қол ұшын созамын деген қайырымды жан үшін анасының шоты экранда көрсетулі. Немесе 87758940331 нөміріне хабарласып, көмек бере аласыздар.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы