Басты Жаңалықтар ҚР ОСК Қырғызстандағы президенттік сайлауды бақылауға қатыспайды

ҚР ОСК Қырғызстандағы президенттік сайлауды бақылауға қатыспайды

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қырғыз Республикасында өтетін Президент сайлауына бақылаушы ретінде қатыспайды. Осыған қатысты бүгін Орталық сайлау комиссиясында арнайы Қаулы қабылданды. Мұндай шешім қабылдауға Қырғыз елінің басшысы Алмазбек Атамбаевтың негізсіз мәлімдемесі себеп. 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа шілденің сегізінде  Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясынан шақырту келген. Бақылаушы ретінде және Орталық сайлау комиссиясы атынан баруға уақытылы дайындалған. Бірақ, Қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың біздің елімізді негізсіз қаралаған мәліметтері жағдайды күрт өзгертуге тура келді. 

Марат Сәрсембаев, ҚР ОСК мүшесі:

- Сол себептен осы ҚР Қырғыз Республикасы ісіне араласу туралы жария түрдегі сөзі ойдан шығарылды деп санап, біздің елімізді қандай да бір себеппен кіналуға жол бермеуге ниет білдіре отырып Президенттік сайлауда байқауды жүзеге асыру үшін Қырғызстан Республикасына барудан бас тарту туралы мәлімдеймін.

Марат Сәрсембаевтың бұл ұсынысын әріптестері бір ауыздан қолдады және арнайы қаулы қабылданды. Енді осы жексенбіде өтетін Қырғызстандағы сайлауға бірнеше халықаралық ұйымдар бақылаушы ретінде қатысады. Олардың құрамында Қазақстан азаматтары да бар. Жалпы саны шамамен - 46. Олар халықарылық ұйымдардың өкілі болғандықтан сайлауды бақылау процесіне қатыса береді. Тек еліміздің ресми органы атынан ешбір бақылаушы бармайды. Бұл әрекетіміз барлық заңнамаларға сай келеді, - деді ОСК Төрағасы Берік Имашев.

Берік Имашев, ҚР ОСК Төрағасы:

 - Біздің халықаралық ұйымға мүше өкілдеріміз сайлауды бақылау процесіне қатысады. Қазақстан барлық құқықтық негіздерді сақтайды және халықаралық талаптарды орындай отырып жұмыс жүргізеді. Оның үстіне сайлау науқаны саясиланып жатқан тұста барлық өкілдерімізді тек заң аясында жұмыс істеуге шақырамыз. Ал, біздің бүгінгі қабылдап отырған шешім барлық заңға сай және халықаралық талаптарға қайшы келмейді.

Сонымен 15 қазан күні өтетін Қырғыз Республикасындағы Президент сайлауына ҚР ОСК атынан ресми делегация бармайды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Бөлісу