Көкөністің бағасы күн сайын қымбаттап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкөністің бағасы күн сайын қымбаттап барады

11.10.2017

Қазір жұртты алаңдатқан тек жанармайдың құны емес. Енді азық-түліктің де бағасы күн сайын шарықтап барады. Алматылықтар күнделікті тұтынатын картоптың құны да күрт қымбаттағанына наразылық танытты.

Мәселен, қала базарларында екі апта бұрын 120 теңгеден тұрған картоп бүгін 170 теңгеге көтерілді. Шаруалардың айтуынша, биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім аз шыққан. Тіпті, диқандар да «шығынға баттық», деп шырылдап отыр. Тіпті, қияр мен сәбіздің де құны аспандап тұр. Былтыр дәл осы мезгілде бір келі сәбіз 100 теңгеден аспайтын. Ал, бүгінде ең арзан базарларда 170 теңгеге жеткен. Өткен жылы 60 теңгеге саудаланған пияздың бағасы да 40 теңгеге қымбаттаған. «Алдағы уақытта картоптың келісі 300 теңгеден әрі асуы мүмкін», дейді саудагерлер.

Шолпан Көлеңкеева, сатушы:

- Ренжуін ренжиді. Біз айтып отырмыз ғой. Бізде кінә не? Біздің қосатынымыз 25 пайыз сол. Жаңағы 130-дан алғанымды 160-қа сатып отырмын. 125-тен алғанымды 150-ден сатып отырмын. Оның үстіне қаппен алғаннан кейін сапасыз шығады ғой. Кесілгені шығады. Шірігі шығады.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу