Ресейдің Владимир облысындағы автобус апатынан аман қалған жүргізуші қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Владимир облысындағы автобус апатынан аман қалған жүргізуші қамалды

10.10.2017

Ресейдің Владимир облысындағы автобус апаты кезінде Қазақстанның 3 азаматы болған. Бұған дейін тек көліктің екі жүргізушісі ғана Қазақстан азаматтары деп хабарланғанымен, енді тағы бір жерлесіміздің сол автобуста болғаны және оның аман қалғаны белгілі болды. Қазір ол заңсыз миграция ісі бойынша куәгер ретінде уақытша қамауға алынды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады. Ал, апат кезінде аман қалған екінші азаматымыз Нұрғали Сармановқа қатысты Мәскеудің Мещан аудандық соты қамауға алу туралы шешім шығарды.      

Юлия Бочарова, Мәскеу қаласы Мещан аудандық сотының баспасөз-хатшысы:

- Мәскеу қаласы Мещан аудандық сотының қаулысымен Қазақстанның тумасы 1977-жылғы  Нұрғали Сарманов РФ Қылмыстық Кодексінде қарастырылған 238-баптың 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен желтоқсанның 7-не дейін қамауға алынды. Бұл қаулыны 3 күн ішінде Мәскеу сотының аппеляциялық инстанциясы арқылы қайта қарауға болады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу