Оралдықтар ұшқыш Е.Кутафинмен қоштасты
Алматы облысындағы әуе апатынан қаза тапқан оралдық ұшқыштың денесі жер қойнына тапсырылды. Евгений Кутафиннің сүйегі сенбі күні Алматыдан ұшақпен жеткізілді. 30 жасында қыршын кеткен жаспен қоштасуға тума-туыстары, достары, әріптестері келді. Өзі оқыған облыстық авиация спорт мектебінің ұжымы марқұмның жерлеу рәсімін ұйымдастырып, оның отбасына көмек көрсетті. Евгений Кутафин парашют спортымен кәсіби түрде айналысты. Спорт шеберлігіне үміткер болатын. Облыстық құрама сапында сан мәрте жарыстарға қатысқан. Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Марқұмның артында әйелі және 2 жасар баласы қалды.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04
Түркістанда нөсер жауын жұртты әбігерге салды
11.11.2026, 20:03