Сарыағаш ауданында апатты және үш ауысымда оқытатын білім ордаларының саны азайды
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Білім күні мерекесінде 5 бірдей жаңа мектептің құрылысы аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Соның нәтижесінде аймақтағы апатты және үш ауысымда оқытатын білім ордаларының саны азайды. Бұл мәселені енді түбегейлі шешу үшін қазір ауданда тағы 16 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Жалпы, облыс бойынша биыл 31 млрд. теңгеге 79 білім нысаны салынып жатыр. Оның 29-ы биыл бітеді. Сөйтіп, өңірдегі 8 апатты және 12 үш ауысымды мектеп жаңаланады. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында 2019 жылы өңір мектеп мәселесін түбегейлі шешуді көздеп отыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14