Шымкент сыра зауыты 153 миллион теңге көлемінде салық төлемеген
Бұл жайт кәсіпорынның қожайыны, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтың ісіне қатысты қайта басталған сот процесінде белгілі болды. Зауыт жалпы мөлшері 1 миллион 65 мың литр сыраны салық органдары есебінен жасырып қалған. Ұйымдасқан топ бұл әрекетін 2011-2015 жылдар аралығында жүзеге асырған.
Сот алдында зауыттың бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовпен бірге тағы 8 адам жауап беріп жатыр. Олардың ішінде зауыттың бас есепшісі, экс-шенеуніктер мен салық органының қызметкерлері бар. Сот барысында сондай-ақ, айыпталушының кәсіпорын есебіндегі 4 миллиард теңгені жеке мұқтаждығы үшін алып, оны кейіннен қайтармай қойғаны анықталды. Мұнан бөлек кәсіпкердің өзіне және сыбайластарына пара берді деген айып тағылды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21