Шымкент гарнизоны әскери сотында бала өліміне себепкер болған шекарашылардың әрекетіне байланысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент гарнизоны әскери сотында бала өліміне себепкер болған шекарашылардың әрекетіне байланысты сот басталды

18.05.2017

Шымкент гарнизоны әскери сотында бала өліміне себепкер болған шекарашылардың әрекетіне байланысты сот басталды. Сотта Қызылорда облысына қарасты 20 да 19-шы шекара жасағының бес сарбазынан жауап алынуда. Қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айында болған. Шекара күзетін күшейту туралы бұйрық алған әскерилер міндеттелген тапсырманы орындаудың орнына топтағы кіші сержанттың үйіне барады. Олар үйдің бір бөлмесіне «Калашников» қаруы мен қызметтік тапаншаларын қалдырып, өзге шаруамен барлығы тысқа шығып кеткен. Ересектердің жоғын пайдаланып, қаруды қызықтаған кіші сержанттың балалары ойнап жүріп абайсызда  біріне оқ атып жіберген. Бала сол жерде тіл тартпай кетті. Оқиғаға байланысты  5 шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайға негізгі себепкер ретінде аға лейтенант Рақымжан Түзелов қамауға алынған. Ал өзгесі қолхат арқылы әзірге бостандықта. Сот отырысы ертең жалғасады.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу