«Мәңгілік ел» пойызы Батыс өңіріне келді

«Мәңгілік ел» пойызы 8 облысты артқа қалдырып, бүгін Орал өңіріне келіп жетті. Мұндағы алғашқы аялдаған елді-мекені – Ақсай қаласы. 56 мың тұрғыны бар, әлемге Қарашығанақ дейтін газ кенімен танымал бұл кент. Бұл шаһарда 100-ге жуық этнос өкілдері айрандай ұйып, тату-тәтті өмір сүруде. Ел аралай шыққан пойыз жолаушылары қаладағы түрлі мәдениет үйлерін аралады. Түрлі министрлік өкілдері бір күн бойы қабылдау өткізді.
Түрлі министрліктің өкілдері келген бойда, шаруаға кірісті. Дәрігерлер жергілікті емханада бұқара жұртты қабылдап, ем-дом жасаса, білім мен ғылымға жауаптылар мектеп пен колледждерде басқосу ұйымдастырды.
Астанадан білікті-білімді дәрігерлер келе жатыр деген хабар таралысымен, алыс-жақын ауылдың тұрғындары емханаға таң атпай келе бастапты. Баласын жетектей келген, анасын арқалаған жұрттың қарасы көп. Қаралып шыққандар дән разы. Расымен, білікті екен,-десіп тарасып жатыр. Айтпақшы, ақпарат болсын. Бар-жоғы 25 дәрігер түс әлетіне дейін 3 мың тұрғынды қарап, емдеді.
Түрлі министрлік өкілдері шағын ғана шаһарға келіп, жұртшылықпен кездесіп, кеңесіп, жиын өткізіп жатқанына дән разы. Ақсайлықтар, арнайы пойызға тағы бір атау берді. «Үкімет ауылға келді»,-десіп жүр.
«Мәңгілік ел» пойызы туралы толық сюжет Ұлттық арнаның жаңалықтарынан көрсетіледі.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05