Павлодарда мемлекеттік грантты мақсатсыз жұмсаған
Павлодар облысы, Ертіс ауданының 14 тұрғыны кәсіпкерлікке арналған мелекеттік грантты мақсатсыз жұмсаған. Жергілікті прокуратура қайтарымсыз берілген бюджеттік қаржыны кері қайтарды. Себебі бизнес жобаларға салмай жеке қажеттіліктеріне жаратқанын дәлелдеп берді. Негізі бұл гранттар ауыл шаруашылығы, өнім шығару сынды бизнес жобаларды дамыту үшін берілген. Қайтарылған 18 млн. теңге келер жылы конкурс арқылы қайта үлестіріледі.
Әсет Сәттібаев, Ертіс ауданының прокуроры:
Прокурорлық тексеруден соң қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 18 млн теңге қайтарылатын болды. Сотқа берілген үш талап арыз бойынша үш азаматтың кінәсі дәлелденіп, сот қаржыны дереу қайтаруға шешім қабылдады. Қалған 11 адам алған ақшаны өз еріктерімен қайтаратын болып медиациялық келісім жасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы