Жолдауда көтерілген әлеуметтік мәселелердің маңызы зор
Президент Жолдауында елдің әлеуметтік дамуына серпін беретін бірқатар маңызды бастама көтерілді. Атап айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жаңа нысандар салу және білім беру ісін жетілдіруге басымдық берілген. Мемлекет басшысының бұл бастамалары көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді дөп басып отыр.
Тараз
- Бізге ұнаған тұсы «Халықтық құрылыс» бастамасы. Бұл құрылыс бастамасы барысында арнайы 70-ке жуық аурухана, сондай-ақ 50-ге жуық әлеуметтік нысан, мәдени ошақтар, спорттық нысандар салынатындығын жеке атап өтті. Енді бұның барлығы ел болашағына жасалып жатқан үлкен өзгеріс.
Шымкент
- Қазір мектептерде бір күні «күнделік кз», бір күні «білім класс», платформалар мектеп мұғалімдерін шаршатып жатқаны ақиқат. Сондықтан Мемлекет басшысы қағазбастылық пен әр түрлі платформалар енгізу мәселесін тоқтату керек деген талап қойды. Меніңше бұл мұғалімдердің көкейінен шықты.
БҚО
- Медицина саласының участок қызметкерлерін, өздеріңіз білесіздер, өте жауапты мамандық. Қарға, боранға, ештеңеге қарамастан, ел кезіп қызмет етеді. Сол участок қызметкерлеріне еңбек өтілдеріне байланысты кезең-кезеңімен еңбекақыларын көбейту қажеттігін атап өтті. Бұл әрине, медицина саласының қызметкерлерін қуантады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы