Басты Жаңалықтар Нью-Дели әлемдегі ең лас қала атанды

Нью-Дели әлемдегі ең лас қала атанды

Үндістан астанасы Нью-Дели ауаның ластану деңгейі бойынша әлемдегі ең лас қала атанды. Бұған дейін тізім басында Пәкістанның Лахоры тұрған еді. Ауа сапасын бағалайтын швейцариялық ұйымның мәліметінше, Нью-Делиде ауа сапасының индексі 334-ке жеткен. Бұл көрсеткіш «қауіпті» санатына жатады. Жергілікті тұрғындар үкіметтен бұл мәселені шұғыл шешуді талап етіп отыр.

Бөлісу