Ақтөбедегі дәмханада жарылыс болды
Ақтөбеде бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасының жарылысы болып, екі адам зардап шекті. Оқиға салдарынан өрт шығып, тұрғындарға қауіп төнді. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу әрекет етіп, қауіптің алдын алды. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр, Жақсыбек, қайырлы күн! Оқиғаның жай-жапсарын айып берсеңіз?
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қайырлы күн! Оқыс оқиға таңғы сағат он жарым шамасында болды. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, әйнек сынықтары көшеге дейін жетіп, өтіп бара жатқан көліктерді зақымдаған. Сондай-ақ ғимараттың қабырғасы жарылып, жоғары қабаттардағы пәтерлердің терезелері сынған. Тұрғындар оқиғадан қатты қорқып қалғандарын айтады.
Олжас Иманбаев, Ақтөбе тұрғыны:
Қатты болды дыбысы. Не жарылғанын түсінбей қалдым. Қарасам, бір қыз шыңғырып жатыр, есік алдына шығып. Ол қызды даже байқаған жоқпын. Бірден ішке келдім жүгіріп, тағы екі жігіт келді. Үшеуіміз ана баланы шығарып алдық, терезеден.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Жарылыстан екі адам зардап шекті. Оларды күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайлары ауыр. Қазір оқиға орнындаТөтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы