Басты Жаңалықтар Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару мәселесі талқыланды

Мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқару мәселесі талқыланды

Мұғалімнің міндеті есеп толтыру емес, бала оқыту. Бірақ цифрландыру қағазбастылықты азайта алған жоқ. Қағаз есептің көбі электронды форматқа көшкенімен, жұмыс көлемі сол баяғы. Осы себепті  «Әділет» партиясы мен Құрылтай депутаттары заң жобасын әзірлеп жатыр. Ол үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің моделі зерттелген. Мысалы, онда мұғалімдерді аттестаттау үдерісі автоматтандырылған. Ал арнайы платформалар ұстаздарға сабақ жоспарын бірге әзірлеп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында оқушылар тәрбиесі де сөз болды. Буллингтің алдын алу, кітап оқуға баулу және балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Шолпан Каринова, Құрылтай депутаты:

НИШ жүйесінде пайдаланып келе жатқан онлайн платформаларды, оның ішінде мұғалімдердің сабақты бірге жоспарлап, цифрлық платформада бір пәннің бірнеше мұғалімдері бірігіп, сабақты бірге өткізіп, оны талдау жұмыстары арқылы мұғалімнің кәсіби өсуін де және оқушылардың білімін арттыру үшін тиісті ұстанымдарды қалыптастырғанын көріп отырмыз.

Бөлісу