Басты Жаңалықтар Түркияда әскери тікұшақ құлады

Түркияда әскери тікұшақ құлады

Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 4 сарбаз қаза тапты. Бұл ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады. Оқиға Малатья провинциясындағы Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған. Тікұшақ жерге құлаған соң жарылыс болып, бірден өртенген. Апат болған аумақта тұрғын үйлер жоқ. Әзірге тікұшақтың құлауына не себеп болғаны беймәлім. Прокуратура оқиғаға байланысты тергеу бастады. 

Бөлісу