Басты Жаңалықтар «ЭКО QUIZ» зияткерлік сайысы тартысты өтті

«ЭКО QUIZ» зияткерлік сайысы тартысты өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында «ЭКО QUIZ» интеллектуалдық ойыны өтті. Тартысты сайыста жастардың білімі мен тапқырлығы сынға түсті. Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Зияткерлік ойында қатысушылар экология, табиғи ресурстар, қоршаған орта жайлы түрлі сұрақтарға жауап берді. Сайыс қорытындысы бойынша Қоныс орта мектебінің ұжымы жеңімпаз атанды.

Аслан Ерекешев, Қоныс орта мектебінің мұғалімі:

Жергілікті жердің экологиялық ескерткіштерін, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғауға дәріптейді. Осындай игі шаралар аудан көлемінде әлі де жоғары дәрежеде ұйымдастырылса, игі болар еді.

Бөлісу