«Қазақстан халқы - мейірімі сарқылмас бұлақ». Бұл италиялық Джанни Помпонидің пікірі. Астанада кәсібін ашып, нәсібін көрген кәсіпкер Алғыс айту күні мерекесін пайдаланып қазақ еліне, халқына алғысын білдірді. Алдағы жоспарымен бөлісті.
9 қыркүйек 2013 жыл. Италиялық кәсіпкер Джанни Помпони үшін ұмытылмас күн. Көптен бергі арманы орындалып, Астанадан алғашқы мейрамханасын ашты. Осылайша, ол Франция мен Бразилиядағы бизнесін біржолата қазақ еліне көшірді.
Джанни Помпони, италиялық кәсіпкер: «Өзге елдерге қарағанда Қазақстан нарығы инвестиция құюға өте қолайлы. Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған. Келіп, жаңа технологиямызды енгізіп, сәтті жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандық мамандар бастапқыда пицца пісірудің қыр-сырын италиялық аспазшылардан үйреніп еді, қазір олардан артық пісіреді»-дейді.
Араға бір жыл салып Джанни мына екінші дәмхананы салды. 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зымыраған уақытпен бірге, Помпонидің пиццасы да жақсы өтіп жатыр қазір елордада.
Тұтынушының сұранысын қанағаттандыру үшін кәсіпкер әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, көптің арыз-шағымына Италиядан жауап жазады. Бизнесін қашықтан басқарып отырған кәсіпкердің қазақ еліне алғысы шексіз.
Джанни Помпони : «Қазақстан-мүмкіндіктер мемлекеті. Қазақ елі менің алаңсыз жұмыс істеуіме, өзіме деген сенімімді арттыруға, инвестиция құюға мүмкіндік берді. Мен бұл жерден махаббатымды кездестірдім. Бақытымды таптым. Сондықтан, Қазақстанға, ел халқына басымды иемін»,-деп атап өтті.
Табысы күн сайын еселенген кәсіпкер қыркүйекте бас қаладағы үшінші мейрамханасының тұсаукесерін өткізбекші. Сонан соң, елдің өзге аймақтарының дамуына қомақты қаржы құюды көздеп отыр. Басты жоспары- келесі жылы Астанаға қоныс аударып, ЭКСПО көрмесіне келетін меймандарға қазақтың қонақжайлылығын паш ету.

Kaznews.kaztrk.kz