Өңірдегі инвестиция тарту ісіне былтыр 167 миллиард теңге қаржы құйылған.
Қостанай облысында биыл 23 миллиард теңгеге 11 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде, 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов журналистермен өткен брифингте мәлімдеді.
Өңірде инвестиция тарту ісі де жалғасады. Былтыр 167 миллиард теңге қаржы құйылыпты. Сондай-ақ, облыстағы сумен жабдықтау және жылу құбырларының 80 пайызы ескірген.
Тозығы жеткен желілерді жаңарту кезек күттірмейтін іс. Жергілікті билік қазір мүдделі топтармен келісімшарт жасасып, 8 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізбек.
Әсима НҰРБАЙ