«Пиноккио» кітабы қазақша шықты
Әлемге әйгілі Пиноккио кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Италия жазушысы Карло Коллодидің туғанына 200 жыл толуына орай «Пиноккионың басынан кешкендері» шығармасы алғаш рет қазақшаға аударылды. Шығарманы Абылай Сұлтан тәржімалаған, ал көркемдік безендірілуіне қазақстандық иллюстратор Сұлтанбек Айтжанов үлес қосқан. Айта кетейік, аталмыш шығарма әлемдегі ең көп аударылған туындылардың бірі. Бүгінде кітап 200-ден астам тілде жарық көрген. Жаңа басылым Италия әдебиетін қазақ оқырманына таныстырып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.
Раиса Сайран, Steppe & World баспасының директоры:
Мәтінді итальян тілінен қазақ тіліне аударып шығардық. Ең бастысы, аударма барысында кейіпкерлердің эмоциясын беру болды. Табиғи қазақ тілінде аудару өте қиын болды.
Антонелло де Риу, Италия Республикасының Қазақстандағы елшісі:
Шыны керек, бұл жоба балалар үшін қолға алынды. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты үзбей жалғастыру үшін біз осы шығарма арқылы жас ұрпақтың жүрегіне жол табуды көздедік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы