Басты Жаңалықтар Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды

Өскеменде электромобиль мамандарын оқытатын шеберхана ашылды

Елімізде автокөлік өндірісі артып келеді. Былтыр 171 мыңнан астам көлік құрастырылған. Саладағы серпін білікті мамандарға сұранысты күшейтті. Әсіресе, электромобильдерді жөндеу мен оларға қызмет көрсету ісін жақсы білетін кадрлар қажет. Осы мақсатта Өскеменде «Циньлинь» оқу шеберханасы ашылды. Мұнда студенттер түрлі жабдықтармен жұмыс істеп, электр көліктерін жөндеуді тәжірибе жүзінде меңгереді. Бұл орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақ аясында жүзеге асып отыр. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы соңғы заманауи құралдармен толыққан.

Әлима Ақылбек, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Біздің облысымыздағы мамандық тапшылығын жоюға байланысты, соның ішінде автомобиль жөндеу мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің болашақтағы біліктілігін арттыру. Өздеріңізге белгілі қазір елімізде технология дамып жатыр. Соның ішінде электромобильді технологиядарды жөндеу бойынша мамандардың қажеттілігі бар. Соған байланысты техникалық кәсіптік колледждерде жаңа шеберхана аштық.

Бөлісу