Басты Жаңалықтар Петропавлда жедел жәрдем стансасы салынады

Петропавлда жедел жәрдем стансасы салынады

Петропавл қаласында заманауи жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысына 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның 800 млн теңгеге жуығы медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Жаңа дәрігерлік кешен 1,5 гектар аумақта орналасады. Оның құрамына төрт қабатты ғимарат, заманауи цифрлық диспетчерлік қызмет орталығы, симуляциялық орталық және 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж кіреді. Сонымен қатар көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы салынады. Облыстық жедел жәрдем қызметі 510 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетіп келеді. Жыл сайын 100 мыңнан астам шақырту қабылданады. Әр бригада тәулігіне орта есеппен 16 рет жедел медициналық көмек көрсетеді. Жаңа стансаның құрылысы шұғыл шақыртуларға жету уақытын қысқартып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Жоба Мемлекет басшысының өңірлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Юрий Белоног, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры:

Қазіргі жедел медициналық жәрдем стансасының ғимараты 1905-ші жылы салынған. Ресми түрде апатты деп танылған. Дәрігерлерге жұмыс стеуге тиісті жағдай жасалмаған. Жаңа ооба іске қосылды. Ғимарат барлық халықаралық талаптарға сай келеді. Жалпы аумағы 7 мың 7 жүз шаршы метр.

Бөлісу