Талдықорғанда классикалық кеш өтті
Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі жетісулық тыңдарманға әлемдік музыка жауһарларын тарту етті.
Сахна төрінде жергілікті өнер ұжымымен бірге арнайы шақыртумен келген Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жетекші солистері өнер көрсетті. Кеште Вивальдидің сыршыл сазы, Бетховеннің бірегей шығармалары мен Моцарттың мөлдір әуендері орындалды. Сонымен қатар отандық сазгерлердің де туындылары шырқалды. Оркестрге белгілі дирижер Әли Алпысбаев пен Қанат Омаров жетекшілік етті. Талғампаз тыңдарман да әрбір композицияны ерекше ықыласпен қабылдап, үздіксіз қошеметпен қолдап отырды. Жас өнер ұжымы үшін өнер майталмандарымен бірлескен мұндай концерттер шеберлікті шыңдауға септігін тигізеді, - дейді мамандар.
Әли Алпысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Мықты солистері келіп, біздің оркестрмен, біздің оркестрдің сүйемелдеуінде концерт беру деген үлкен бақыт. Тәжірибе алуымыз керек олардан. Олардың ойынын көруіміз керек. Сондықтан біз сол атақты, елге белгілі азаматшалар мен азаматтарды шақырып, концерт беріп жатырмыз. Залға ел сыймай кетті, жаңа. Халық классиканы жақсы көреді. Біз соны дұрыс жеткізе білуіміз керек.
Думан Алтынбекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы