Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері жылжымалы электр станциялармен қамтамасыз етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері жылжымалы электр станциялармен қамтамасыз етілді

13.02.2016

Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері 100 пайызға жылжымалы электр станциялармен қамтамасзы етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жабдық электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін арналған. Дизельдік электр станциямен бірге ішкі энергиямен жабдықтау құралдарының құрамына сонымен бірге тарату-түрлендіру құрылғысы кіреді. Қондырғыда жұмыс жасау үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің жеке құрамын оқыту және ұдайы жаттықтыру жүргізіледі.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері жылжымалы электр станциялармен қамтамасыз етілді
«Радиотехникалық батарея құрамында энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің негізгі арналуы белгіленген нормативтік мерзімде тұтынушыларға электр қуат көзін беру болып табылады. Бұл мәні бойынша ұдайы орналасу орнында болатын бөлімшенің жауынгерлік әзірлігін айқындайды», - деді 97617 Н әскери бөлімі энергиямен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Сағындық Жүнісов.

Бұл жұмыста дизельші-электриктердің міндеттерін атап өткен жөн. Нақ солардың өзі электр энергияның үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысынан байланыстың болуы байланысты. Бірінші белгі бойынша ауысымда кезекшілік атқаратын әскери қызметшілердің әрқайсысы тез арада өзінің орнына тұрып, нақты, шебер және табанды іс-қимылдарды орындау үшін күштерді жұмылдыруға дайындалуы тиіс.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу