Азия мен Тынық мұхиты елдері Қазақстан пікірімен санасады

Бұл туралы жақында ғана Астанаға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитындағы БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар «Қазақ радиосына» берген эксклюзивті сұхбаты барысында айтты.
Шетелдік мәртебелі мейманның пайымынша, Қазақстанның жаһандық экономикаға ықпалдасуын үдетудің кілті - өңірлік ынтымақтастық. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы - ЭСКАТО - ұйымға мүше мемлекеттердің саны мен қамтыған аумағы, ондағы тұратын халықтың көлемі жағынан БҰҰ-ның бес өңірлік комиссиясының арасындағы ең үлкені. Ол 1947 жылы Шанхайда құрылған. 53 мүше-мемлекеттен және қауымдасқан 9 мүшеден тұрады.
Ұйым мақсаты - аймақтағы мәселелерді бірлесіп шешу. ЭСКАТО-ға бұдан 24 жыл бұрын мүше болып, оның түрлі бағыттары бойынша әріптестік қатынас орнатқан Қазақстан мемлекеті экономикалық, әсіресе әлеуметтік салаларға қатысты бағдарламаларға белсене қатысуда.
«2007 жылы ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясының Қазақстанда өтуіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев мұрындық болған еді. Ауқымды шараны өз елдеріңізде ұйымдастыруыларыңыз арқылы Сіздер бүкіл әлем назарын Орталық Азия проблемаларына аудардыңыздар. Ұйымның алдағы 72-ші сессиясы Бангокта осы жылдың мамыр айында ұйымдастырылады деп жоспарланған. Жиын Орталық Азия және теңізге шығар жолы жоқ елдерді дамыту мәселелеріне арналмақ. Аталған шара 2030 жылға дейін Орнықты даму мақсаттарын іске асыру аясында өтеді»,-деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитындағы БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматыда 294 мыңдай оқушыға демалыс ұйымдастырылады
09.07.2026, 17:33
Түркістан облысында мердігерлер өз ақшаларына қайта жол төседі
09.07.2026, 17:30
Сәрсемалиевті өмір бойы бас бостандығынан айыру сұралды
09.07.2026, 17:27
Агрессор адамдарға психологиялық түзету бағдарламалары енгізіле бастады
09.07.2026, 17:25
Халық Конституциясы – зайырлы қоғамның басты бағдары
09.07.2026, 17:22
Мемлекеттік билікті басқарудың жаңа қағидасы күшіне енді
09.07.2026, 17:20