Қазақстан мен Иордания әскерилері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Иордания әскерилері кездесті

26.01.2016
Қазақстан мен Иордания әскерилері кездесті
 Қазақстан мен Иордания әскерилері кездесті

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды. Сапар аясында министр Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өткізді. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленгені мәлім болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінң баспасөз қызметі хабарлады.

Сапардың басты мақсаты әскери және әскреи-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иорданиялық Хашимит королдігінің Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Қорғаныс министрінің сапары кезінде өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Казахстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы заводы өндіре бастаған «Арлан» броньдалған машиналарды Иордания жағы сатып алатындығы белгілі болды. Яғни, екі жақ осы көліктердің сату мен сатып алу мәселесіне байланысты уағдаласты. Сонымен қатар оптикалық құралдар мен көздеуіштер, түнде көру аспаптары, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және оларды қолдануға арналған жауынгерлік модульдер, 3 координатты РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.
 Қазақстан мен Иордания әскерилері кездесті
Иорданиялық Хашимит королдігі Қарулы күштері Штабтар бастықтарының Біріккен комитетінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техниканың IVхалықаралық көрмесіне қатысатыны белгілі болды. Алдағы халықаралық көрмеде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ірі жаһандық компаниялардың қару-жарағы мен техникасы ұсынылады. Шараға әскери мақсаттағы жетекші өндіруші елдердің бірқатар ресми өкілдері қатысатын болады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу