Ресейде автокөлік өндірісі құлдырады
Ресейде санкцияға байланысты автокөлік тапшылығы артты. Ал отандық көлік шығаратын кәсіпорындар банкротқа ұшыраған. Басты себеп шетелдік өндірушілердің нарықтан кетуі, технологиялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жеткізудің қиындауы, дейді мамандар.
Отандық автокөлік өндірісі әлі де шетелдік компоненттерге тәуелді. Әсіресе күрделі электрондық жүйелер, жартылай өткізгіштер, қозғалтқыш бөлшектері мен арнайы өндірістік жабдықтарды алмастыру оңай болмай тұр. Кейбір маңызды бөлшектер Ресей аумағында мүлде өндірілмейді.
Алексей Рудяев, сарапшы:
Қызмет көрсету құны да екі есе өсті. Әсіресе, көлік майын ауыстыру сияқты қызметтер қымбаттады. Себебі құрал-жабдық жоқ. Ай сайын көлік бағасы да қымбаттай береді. Елде автонесие алу да қиындады.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылы Ресейде шамамен 830 мың көлік құралы шығарылған. Ал елдегі автомобиль өндірісінің жалпы қуаты жылына 3 миллион 300 мың көлікке дейін жетеді. Алайда өндірістік мүмкіндіктер толық пайдаланылмай отыр. Мәселен, жеңіл автокөлік шығаратын кәсіпорындардың қуаттылығы орта есеппен небәрі 25 пайызға жүктелген.
Алексей Егоров, кәсіпкер:
Құрал-жабдық қымбаттағанымен қоса, шекарадан өткізбейді. Сондықтан сырттан бөлшек сатып алу мүмкін емес. Елге кіргізу үшін де құжат жинауың қажет.
Бүгінгі күні елде көлік тапшы, бар автомобиль бағасы бір айда 35 пайызға қымбаттаған. Ресей үкіметінің 2026 жылы бекіткен автомобиль өнеркәсібін дамытудың 2035 жылға дейінгі стратегиясында да бұл мәселелер ашық көрсетілген. Дегенмен шетелден жеткізілетін бөлшектерге тәуелділікті азайтып, отандық өндірісті дамытуға ең азы бес жыл уақыт қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы