Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
Салымшылар ақшасын шетел валютасынан гөрі теңгемен сақтауға ден қойып келеді. Қазір банктердегі депозит салымдарының 80 пайыздан астамы ұлттық валютада тұр. Бұл шамамен 25 триллион теңге жуық. Бұған теңгелік депозиттердің жоғары пайызы да әсер етеді. Мамандар мұны халықтың теңгеге деген сенімі артып келе жатқанының белгісі деп бағалайды. Олардың айтуынша, ұлттық валютаның кеңінен қолданылуы ел экономикасына оң әсер етеді.
Алмат Орақбай, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының жетекші сарапшысы:
2015 жылы жалпы долларлық депозиттер, жалпы депозиттер көлемінің шамамен 80%, болмаса, 75 пайыздан астамын құраған болатын. Ал қазіргі кезеңде бұл деңгей 20 пайызды ғана құрайды. Бұл – Ұлттық банктің дедолларизация саясатының айғақ жетістіктерінің бірі десе болады. Жалпы, халықтың ішіндегі теңгеге деген сенімділікті арттырып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы