Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
Президент биылғы Жолдауында экономикалық, әлеуметтік және технологиялық бағыттарға баса мән беріп отыр. Әсіресе, халықтың әл-ауқатын жақсарту басты міндет. Әр өңірдегі тұрғындардың пікірінше аймақтарды дамыту - қуатты мемлекет қалыптастырудың басты факторы.
Қызылорда
- Менің өзімнің жеке ойым. Тек қана үлкен қалаларға ғана емес сонымен қатар өңірлерге де басымдық бергені өте жөн. Егерде өңірлерді де қосатын болса Қазақстан түгелдей барлығы жүйелі түрде дамиды деп ойлаймын.
Шымкент
- Ең төменгі жалақыны көтеру бұл көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Соның ішінде бәріміздің күнделікті баратын медицина қызметкерлері. Олардың 40 пайызға дейін еңбек өтіліне қарай көтереміз деген бұл медицина саласындағы мамандардың жағдайын көтерудегі үлкен бастама деп есептеймін.
Тараз
- Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жасанды интеллект мәселесіне үлкен мән беріп отыр. Осы алпауыт мемлекеттердің барлығы осы жасанды интеллектіге бас бұрып отыр. Сондықтан жастар бір орында тұрып қалмас үшін жасанды интеллектіні меңгеруі қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы