Басты Жаңалықтар Ғылым мен инновацияны дамыту – Конституцияның негізгі өзегі

Ғылым мен инновацияны дамыту – Конституцияның негізгі өзегі

Конституцияда ғылым мен инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде бекітілді. Бұл – ел экономикасының негізгі салаларын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға берілген маңызды бағдар. Соның бірі – тау-кен өнеркәсібі. Қазақстанның жер қойнауы бай болғанымен, ондағы пайдалы қазбаларды игеру үшін заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдер қажет. Мемлекет басшысы да Жолдауында геологиялық барлауды күшейтіп, жасанды интеллектіні өндіріске кеңінен енгізуді тапсырған еді. Алдағы үш жылда тау-кен саласында жоғары технологиялық өнім шығаратын кемінде үш кәсіпорын іске қосылуы тиіс.

Раиса Жанақова, PhD доктор, қауымдастырылған профессор:

Президентіміздің қолдауының арқасында тау-кен саласы толығымен дамиды деп ойлаймыз. Ол жақсы. Бізге көш бастап, жаңа бағыттар береді. Өйткені, пайдалы қазбаларды дұрыс пайдалану, тиімді пайдалану, ұтымды пайдалану, бұрын ала алмаған пайдалы қазбаларды алуға, мысалға, сирек кездесетін пайдалы қазбалар – алтын кен орындары бар бізде, уран кен орындары бар. Соны шынайыға келтіріп, өндірісте пайдалануға сондай мүмкіндік болып жатыр.

Бөлісу