PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
Астанада PROD халықаралық олимпиадасының іріктеу кезеңі басталды. Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысатын сайыс биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Үш күнге созылатын жарыста жас бағдарламашылар ірі компаниялар мен кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетуге, шығындарын азайтуға арналған мобильді қосымшалар мен цифрлық сервистер әзірлейді. Осы арқылы IT саласындағы дағдыларын шыңдайды. Ал жоғары ұпай жинап, үздік шыққан үш команда олимпиаданың келесі кезеңіне жолдама алады. Айта кетейік, биылғы оқу жылында халықаралық сайысқа әлемнің 64 елінен 12 мыңнан астам қатысушы тіркелген. Оның 180-ге жуығы қазақстандықтар.
Қайрат Әбідрахманов, Астана халықаралық университетінің проректоры:
Негізгі бағыты - өнеркәсіп сервистер әзірлеу, бұл IT бағыттар, жасанды интеллект, робототехника және биотехнология деген сияқты жаңа мамандықтарға. Өздеріңіз білесіздер, әлем бүгін күрделі трансформациядан өтуде. Заманауи қоғам өзі жаратылысымызға байланысты табиғи ортада өмір сүргенімен, бүгін цифрлық шешімдер өте маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы