Басты Жаңалықтар Украинаға қатысты келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін

Украинаға қатысты келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін

Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған келіссөздердің жаңа раунды келесі аптада өтуі ықтимал. Көпжақты кездесу еуропалық өкілдердің қатысуымен өтеді. Бұған Киев пен Мәскеу келісімін берген. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер осылай деп мәлімдеді. Әзірге жиын қай күні, қай жерде өтетіні белгісіз. АҚШ өкілдері Ирландия астанасы Дублинде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ал мұның алдында Уиткофф пен Кушнер Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жүздесті. Кездесу 2,5 сағатқа созылған. Тараптар келіссөз конструктивті болғанын атап өтті.

Бөлісу