Басты Жаңалықтар Microsoft сервистерінде ақау тіркелді

Microsoft сервистерінде ақау тіркелді

Microsoft компаниясының бірқатар сервисінде, соның ішінде Outlook, Teams және Copilot платформаларында ірі техникалық ақау тіркелді. Соның салдарынан әлемнің әртүрлі аймағындағы мыңдаған қолданушы қызметтерге қол жеткізе алмай, электронды хаттарды жіберу мен қабылдауда қиындықтар туындаған. Пайдаланушылардың шамамен 130 мыңы пошта жәшігіне кіре алмаған. Компания өкілдері мәселені инфрақұрылымға түскен салмақтың артуымен байланыстырады. Соның салдарынан серверлердің бір бөлігінде ақау шығып, жүйелер арасындағы байланыс үзілген. Қазір Microsoft инженерлері сервистердің жұмысын қалпына келтіріп жатыр.

Бөлісу