Астана аспанын күзететін әскери бөлімнің құрылғанына 13 жыл толды

Бүгін Астана аспанын күзетіп тұрған 44813 әскери бөлімінің құрылған күні. Әуе қорғанысы күштерінің құрамына кіретін бұл бөлім 13 жыл бойы елорданың әуе кеңістігін қорғауда.
Бұрын жауынгерлер арасында «зенитшілер» деп танылған әуе қорғанысы күштерінің сарбаздары қазір аспанды пулеметпен емес, заманауи зениттік-зымыран кешендерімен қорғайды. Астананың іргесіндегі 44813 әскери бөлімі де қазіргі заманғы техникамен қаруланған. Дәл осы бөлімде С-300 зениттік-зымыран кешендері орналастырылған. Әскери бөлім әуеден төнуі мүмкін кез келген қатерге қарсы тұрарлықтай қауқарлы. Осы бөлім бүгін құрылған күнін атап өтуде.

Бөлім командирі полковник Бағдад Нұрпейісов бүгін сарбаздарды осы атаулы күнмен құттықтады. « Әріптестер, қарулас достар, Сіздерді бөліміміздің құрылған күнімен құттықтаймын! Баршаңыздың Отан алдындағы міндеттеріңізді абыроймен орындауларыңызды тілеймін. Қазақстан армиясының жауынгері деген құрметті атаққа лайық болуларыңызға тілектеспін»,-деді бөлім басшысы. Сонымен қатар ол, бірқатар жауынгерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Әскери бөлім «Қалқан» және «Әскери ынтымақтастық» сынды тактикалық оқу-жаттығуға бірнеше рет қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған. 2004 жылы бұл бөлімге әскери байрақ тапсырылған болатын.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27