Басты Жаңалықтар Тәуелсіздік – ел дамуының алтын тірегі

Тәуелсіздік – ел дамуының алтын тірегі

Тәуелсіздіктің 35 жылында Қазақстанның білім беру жүйесі дамып, жаңа мектептер мен жоғары оқу орындары ашылды. Бұл - ел жетістіктерінің айқын көрінісі. Ал тұрғындар Тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады? Пікірін білген едік.

- Қазақстан өте жақсы дамып жатыр. Мен Қосшыда тұрамын. Бізде жолдар өте жақсы, тасжол салып жатыр.Көптеген мектеп салынды. Абаттандырып жатыр, жасыл өлке әдемі болып келеді.

- Білім саласын алсақ, мен үшін Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі  «Болашақ» бағдарламасы. Яғни осы бағдарлама бойынша біздің жастарымыз әртүрлі елдерге барып, сол жерде оқуға түсіп, стипендия алып,қайтадан Қазақстанға оралып, жақсы жұмысқа орналасуы мүмкін.

- Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері өте көп. Өнер жағынан болсын, білім жағынан болсын. Оның ішінде Димаш Құдайбергенов музыка саласындағы әлемдегі үздіктердің бірі.

Бөлісу