Басты Жаңалықтар Спортшылар да кітап оқи бастады

Спортшылар да кітап оқи бастады

Елордадағы Қазақ Ұлттық спорт университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында студенттерімен интервью-кездесу өтті. Қатысушыларға спорт журналисі мен «Астана» футзал клубының бас бапкері тәжірибелерімен бөлісіп, білім мен спорттағы жетістіктердің өзара байланысын түсіндірді. Олар жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атану үшін дене шынықтыру шектелмей кітап оқып, ойлау мәдениетін дамыту да маңызды, - дейді. Қазір қала бойынша аталмыш жобаға 7 бағыт бойынша 125 мың адам қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқырмандар арасында спортшылар, оқушылар, өзге де азаматтар бар. 

Аружан Мәлікқызы, Қазақ ұлттық спорт университетінің студенті:

Осы жобаға алдыңғы айда тіркелдім. Осы уақытқа дейін екі кітапты оқып бітірдім. Енді үшінші кітапты бастайын деп жатырмын. Ол кітаптар «Сақиналар Әміршісі» мен Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» кітабы. Кітап оқыған өте пайдалы деп ойлаймын. Адамның сана-сезімінің дамуына және де сөздің қорының көбеюіне көмектеседі.

Жақсыбай Боранбаев, Астана қаласы бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Бізде қоғамда қалыптасқан ғой спортшылар деген кітап оқымайды. Ол көбіне өзінің спортымен айналысып, жаттығу жасап дайындықпен жүреді деген ой қалыптасқан. Боксшы болса әлде басқа спорт түрлі болса дайындалған интеллекті мықты, миы қатайған азаматтардың ғана жеңуге мүмкіндігі бар. Сол миды қатайту үшін бұлшық етті қатайтатындай етіп, миды да жаттықтыру керек. Ол үшін кітап оқу керек.

Бөлісу