Алматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
Лудомания мен нашақорлық – қоғам дерті. Онымен күресу үшін жастардың санасына ой салып, бойына жауапкершілік сезімін ұялату маңызды. Бұл туралы Алматы облысында студенттермен өткен кездесуде айтылды. Жиын «Қауіпсіздік аптасы» аясындағы шаралармен жалғасты. Студенттер төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін үйреніп, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін меңгерді. Одан бөлек, басқосуға қатысушылар «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызына да тоқталды. Жастардың пікірінше, «Таза Қазақстан» – әр адамды табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауға үндейтін маңызды бастама.
Ақерке Құлтай, студент:
«Таза Қазақстан» бойынша айтылып өткен болатын. Бұл арқылы біздің студенттеріміз экологияға деген көзқарасын өзгертіп, біздің айналамызға қамқорлықпен қарайды деген сенімдеміз.
Нұрбол Төлебаев, социология ғылымдарының PhD докторы:
Қоғамдағы, жанымыздағы тазалықтан бөлек, жан тазалығы, тән тазалығы – осының барлығын қамтитын бір қағидат негізі. Біз солай қалыптастыруды балабақшадан бастап, орта мектепке және жоғары оқу орнына дейін осыны біртұтас үйренетін болсақ, әрбір қазақстандықтың бойында «Таза Қазақстан» идеологиясы жақсы қалыптасады деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы